Мектеп геометрия курсының негізгі мақсаты оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мақалада оқушылардың логикалық ойлауын дұрыс дамытуда мектеп геометрия курсындағы тапсырмалардың маңыздылығы туралы қарастырылады. Сонымен қатар, геометрияда берілген есептердің мазмұнның көптеген оқулықтарда дұрыс аударылмай немесе есепті шығаруға қажетті элементтері толық берілмейтіндігі жайлы және оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға негіз болатын тиімді әдіс-тәсілдер туралы, мақсаты мен өзектілігі жайлы баяндалған. Анықтамаларды тұжырымдау, теоремаларды дәлелдеу барысында, мүмкін болған жағдайда, геометриялық сызбаларды тиімді пайдалана білу оқушылардың белсенділігін арттырып, материалды толыққанды игерге көмектеседі. Оқушылар берілген есептердің мазмұнын толыққанды түсінген кезде ғана, геометриялық фигуралардың кеңістікте орналасуларын елестете білу дағдылары дұрыс қалыптасады, яғни қандай да бір ізделінді геометриялық фигураны берілген элементтері бойынша анализ жасап, жан-жақты талқылай отырып, логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Сондай-ақ, әрбір есептің шығарылуы геометриялық фигуралардың сызбасын дұрыс сыза білумен қатар, оны алдын-ала талдау, есеп шешімінің дұрыстығын дәлелдеу және шешімін зерттеу кезеңдерінен тұрады. Алайда, мектеп геометрия курсын оқытуда оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытудың қажеттілігі геометрия есептерін оқыту мәселесінің өзектілігін анықтайды.
МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған March 2025
2
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кокажаева, А., Оспанова, А., Майбазарова, Б. і Бергенжанова, Г. 2025. МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.010.