Мақалада психологиялық-педагогикалық көмекті қажет ететін дамуында ерекше ауытқулары бар және зерде бұзылысы бар оқушыларды оқыту, оқытудың формалары мен әдістері туралы ақпарат берілген. Зерттеу барысында интеллектуалдық дамуында ауытқуы бар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту және математикалық сауаттылығын арттыру үшін инновациялық әдістер қолданылды. Негізгі математикалық білімді қалыптастыру және оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану үшін оқу бағдарламасының сабақ мақсатына сәйкес әртүрлі әдістерді қолдану арқылы тапсырмалар ұсынылды. Тәжірибелік алаң Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы №3 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілді. Зерттеуге зерде бұзылысы бар 8 сынып оқушылары қатысты. Зерттеу нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын математикалық білім берудің орталық құрамдас бөлігіне айналдыру арқылы осы оқушының оқу нәтижелерінің айтарлықтай жақсарғанын байқадық. Осылайша, сыни тұрғыдан ойлауға назар аударып, оқытудың жекелендірілген, бейімделген әдістерін қолдана отырып, мұғалімдер зерде бұзылысы бар оқушылардың математикалық сауаттылығын және есептерді шешу дағдыларын дамытуға, олардың жалпы оқу тәжірибесін және болашақ перспективаларын арттыруға мүмкіндік бере алады.
ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған December 2023
126
224
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ханжарова, Б., Изимбетова, К., Мухтархан, Н. і Таубаева, К. 2023. ЗЕРДЕ БҰЗЫЛЫСЫ БАР ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ТҰРҒЫДА ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 84, 4 (Груд 2023), 140–150. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.84.4.014.