Қазіргі қоғамда жаңа білім алу, ақпараттық технологияларды, қоғамдық және ақпараттық үдерістерді басқару әдістерін игеру аса маңызды. Бұл ақпарат пен ғылыми білім қоғамның жалпы стратегиялық жағдайларын айқындайтын факторларға айналғандығы, бүгінгі күні оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруға көп көңіл бөлу қажеттігін көрсетеді. Бұл мақалада информатиканы оқытуда оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру үдерісі қарастырылып, оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру үдерісін моделдеуді зерттеген әртүрлі еңбектер талданды. Тиісті әдебиеттерді талдау негізінде мақалада оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру деңгейі мен өлшемдерін анықтау қарастырылды. Талдау нәтижесінде оқушылардың ақпараттық құзырлылығын қалыптастыру ұйымдастырушылық және педагогикалық шарттармен қамтамасыз етілетіні анықталды, олардың ішінде оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын мақсатты қолдану; оқушылардың ақпараттық құзырлылығын уақытылы және сапалы бақылау жүргізу.
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛІ
Жарияланған December 2020
285
26
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шекербекова, Ш. , Салгожа, И. і Тойшыбек T. 2020. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2020), 282–288. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-4.1728-7901.44.