Ұсынылған жұмыста дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульстік әсері бар екі нүктелі шеттік есеп қарастырылған. Қарастырылып отырған есеп параметрлеу әдісінің идеялары
негізінде зерттеледі. Параметрлеу әдісі интервалды бірнеше бөліктерге бөлуге және ішкі интервалдардың бастапқы нүктелерінде шешім мәндері ретінде параметрлерді енгізуге негізделген. Қарастырылып отырған
есептің жуық шешімін табудың бір жолы ұсынылады. Есептің шешімін табу үшін шеттік есептің қарастырылып отырған интервалы бірнеше бөліктерге бөлініп, жаңа параметр енгізіліп, берілген дифференциалдық теңдеулер
жүйесі үшін бөлік интервалдарда аралық шеттік есеп алынады және аралық шеттік есепте параметр енгізу нәтижесінде бастапқы шарт пайда болып, Коши есебін қарастыруға мүмкіндік аламыз. Дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін бекітілмеген уақыт мезетіндегі импульстік әсері бар екі нүктелі шеттік есептің жуық
шешімін табудың ұсынылған әдістің тиімділігін көрсететін сынақ мысалы келтірілген.
БЕКІТІЛМЕГЕН МЕЗЕТТЕ ИМПУЛЬСТІК ӘСЕРІ БАР ЕСЕП ТУРАЛЫ
Жарияланған September 2023
62
47
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темешева, С. і Мукаш, М. 2023. БЕКІТІЛМЕГЕН МЕЗЕТТЕ ИМПУЛЬСТІК ӘСЕРІ БАР ЕСЕП ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 83, 3 (Вер 2023), 25–33. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2023.83.3.003.