Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРУ

Жарияланған June 2024

58

41

Е.Ы. Бидайбеков +
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Н.И. Пак+
В. П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті, Красноярск
Н.Т. Ошанова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
В. П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті, Красноярск
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Соңғы жылдары дәстүрлі қағаз және электронды оқулықтарды қолдана отырып, жастардың оқуға деген ынтасы күрт төмендеді. Осыған байланысты қазіргі білім алушылардың танымдық сипаттамаларына сәйкес келетін электрондық құралдарының құрылымы мен мазмұнын модельдеу қызығушылық тудырады.

Жұмыс құрылымды-менталдық схемалар платформасына және оқу пәні мазмұнының сұрақ-тапсырма форматына негізделген инновациялық электрондық құралдарын құру тәсілін негіздеуге арналған (мектеп математикасының «Теңдеулер» тақырыбы мысалында, 6-11 сыныптар). Мектеп математика курсының «Теңдеулер»  мазмұндық сызығы бойынша оқытудың электрондық құралдарын жобалау кезінде бірқатар позицияларды анықтаған менталдық тәсіл қолданылады: оқу мазмұнының құрылымдық құрамының сұрақ-тапсырма форматы; оқу мазмұнын таңдаудағы «тік тұтқа»  принципі; оқу үдерісін визуализациялау және білімнің өзін-өзі бақылауы үшін «мөлдір қорап»  принципі.

«Теңдеулер» тақырыбы бойынша құрылған сауалнама нәтижесі электрондық құралдар кешенінің дидактикалық қасиеттеріне жоғары баға берді. Мектеп математикасының «Теңдеулер»  тақырыбын мысалға ала отырып, оқытудың әзірленген инновациялық құралдары оқушылардың өзін-өзі оқытуы мен өзін-өзі бақылауы үшін инновациялық электронды оқулықтар жасау мүмкіндігі мен қажеттілігін көрсетті. Ұсынылған тәсілді мектеп пен университеттегі кәсіби пәндердің басқа мазмұндық бағыттары үшін қолдануға болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бидайбеков , Е., Пак, Н. і Ошанова, Н. 2024. МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ: МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ҚҰРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 138–146. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.013.