Мақалада орта мектепте геометрия курсын оқытудың теориясы мен әдістемесінің өзіндік жұмыстарды
белсенді түрде пайдалану арқылы орындалатын кейбір мәселелері баяндалған. Мұнда планиметрия мен
стереометрия есептерін факультативті сабақтарда сәйкес тақырыптарды салыстыра отырып қарастыру
мысалдары ұсынылады. Сонымен қатар, мектеп геометриясы курсын оқытуда оқушылардың шығармашылық
белсенділігін қалыптастыратын жаңа ұғымдарды, заңдылықтарды, тәуелділіктерді игеру тәсілдері
қарастырылған. Мақалада сұрақтар мен кеңестерге негізделген салыстырмалы оқыту мәселені "қабылдау",
шешім іздеу, алынған шешімді рефлексивті дамыту, сондай-ақ бастапқы проблемалық жағдайды одан әрі
жалпылау және дамыту кезеңдерінде жүзеге асырылатындығы көрсетілген
ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған September 2020
230
295
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ахманова, Д. 2020. ГЕОМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Вер 2020), 31–36. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7901.04.