Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

WORD2VEC ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Жарияланған June 2024

76

31

Д.Р. Рахимова+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Ә.Т. Турарбек+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Р.Р. Галимова+
Түзеу үлгісіндегі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 54 бөбекжай-балабақшасы
А.М. Акимбаева+
№6 Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

Аңдатпа

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің нашарлауы қоғамдағы күрделі мәселеге айналды. Арнайы орталықтар мен мамандарға жүгінетін ата-аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл мәселені шешу үшін біз табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту әдістерін қолдана отырып, қазақ тілінде жаңа технологияларды жасай аламыз. Осы саланың ақпараттық ағымына қосылып, жаңа технологиялармен жұмыс жасау баланың дамуында нәтижелілікке қол жеткізуге ықпал ететіні анық. Сондықтан сөйлеуді түзету саласында ақпараттық жүйені құрудың маңызы артып келеді.

Мақалада сөйлеу қабілеті нашар балаларға қазақ тілін оқыту жүйесін құру әдістемесі, соның ішінде осы жүйеге қосылған қазақ тілінің синонимдер сөздігі қарастырылған. Синонимдер сөздігі баланың деңгейіне қарай сөздік қорын молайта отырып, дұрыс және ана тілінде сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ұсынылып отырған тәсілдің жаңалығы қазақ тіліндегі мәтіндердегі мағыналық жағынан ұқсас сөздерді анықтауында. Бұл жұмыс логопедия саласындағы жаңа педагогикалық жүйені автоматтандыруға көмектеседі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Рахимова, Д., Турарбек, Ә., Галимова, Р. і Акимбаева, А. 2024. WORD2VEC ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІ НАШАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 235–252. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.022.