Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘНМӘТІНДІК ЕСЕПТЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған June 2024

105

50

Г. Батырбаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
А.Т. Асанова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Г.Е. Бауаш+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г. Батырбаева

Докторант, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Қaзaқ ұлттық қыздaр пeдaгогикaлық унивeрcитeті, Aлмaты қаласы, Қaзaқcтaн;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А.Т. Асанова

ф.-м.ғ.д., профессор, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Қaзaқ ұлттық қыздaр пeдaгогикaлық унивeрcитeті, Aлмaты қаласы, Қaзaқcтaн;

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Г.Е. Бауаш

магистрант, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, Қaзaқ ұлттық қыздaр пeдaгогикaлық унивeрcитeті, Aлмaты қаласы, Қaзaқcтaн;

Аңдатпа

Мақалада мектепте математика сабақтарында мәнмәтіндік есептерді шығару оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылып, оның күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі жағдайларға тигізетін әсері туралы баяндалады. Мақаланың өзектілігі математикалық білімді ғылымның әртүрлі салаларында ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қарқынды қолдану мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың функционалды математикалық сауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселеге жүгінуді қажет ететіндігімен байланысты. Заманауи білім берудің нәтижесі бұл жеке тұлғаның өз бетімен жаңа  және үздіксіз білім алуын қамтамасыз ететін ақпараттық ағындарды бағдарлау, білімді талдау, қолдану және түрлендіру сынды біліктермен  анықталады. Мұның бәрі функционалдық сауаттылық ұғымының мәнін анықтайды. Математикалық сауаттылық оның құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылар осындай білім беру нәтижелеріне қол жеткізулері үшін математиканың ғылыми мазмұнын, оның ерекшелігін, басқа пәндермен байланысын ашатын мәнмәтіндік есептерді жиі шығарып үйренулері керек. Жалпы оқушыларға мәнмәтіндік есептердің қолданбалы сипаты нақты өмірлік, тұрмыстық жағдайлардың мәселелерін шешуде қолдануларында байқалады. Мақалада мәнмәтіндік есептердің анықтамасына тоқталып, оның деңгейлері мен әдіс-тәсілдері  көрсетілген. Зерттеу тақырыбына сай орта мектеп оқушыларынан алынған сауалнама нәтижелері диаграмма арқылы анықталған. Нәтижелерге сүйене отырып мектепте мәнмәтіндік оқытудың оңтайлы және осал тұстары туралы айтылып, оны шешудің жолдары көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Батырбаева, Г., Асанова, А. і Бауаш, Г. 2024. МАТЕМАТИКАДАҒЫ МӘНМӘТІНДІК ЕСЕПТЕР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 128–137. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.012.