Қазіргі ұлт мектептерінде математика және оның тарихы жайында сөз қозғағанда ұстаздар кеңестік дәуірде жазылған әдебиеттерді қолдануда. Ол әдебиеттерде алғашқы математикалық деректер Бабылдықтар мен Мысырлықтардан жеткенін мойындай отырып, математикалық ғылымның қалыптасуын ежелгі гректерге іштарта, ал бабыл-мысырлықтарды сырттата жазған. Мысырлықтарды жаулап алған гректіктер бабылдықтармен салыстырғанда мысырлықтарға іштарта сипаттаған. Математикалық іліми өнер туралы деректер бір ұлттық тілде өрнектелгенімен, сол ұлтты қоршаған көрші қоныстас ежелгі ұлттарға ортақ рухани байлық екені белгілі. Гректік әдебиеттерде бабылдық және мысырлық елдермен қоныстас ұлттар мен гректік емес ұлттардың даналары аталмайды. Бодандық елдердің дүниеауи және рухани байлықтары таза гректік дүниеге айналдырыла суреттелген. Дәл осы жағдай кейінгі орта ғасырлық исламдық кезең тарихында да орын алған. Дамыған арабтық өркениеттің математикалық ғылыми байлығы өліп қалған латын тілінде еуропалық дүниеге ауысқан. Бұл – руханияттылық кеңістіктегі калониялық тәсіл. Мақала математиканың дамуындағы аталған тарихи қиянаттардан тарихи ақиқаттарға шынайылықпен қарауға арналған. Тұрандық ортаазиялық елдердің ежелгі математиканың қалыптасуына қатыстығы пайымдалған. Осы бағытта ұлт мақтанышы Әл-Фарабидің математикалық мұрасының жалпы математика тарихындағы алатын орнына лайықты ой бөлінген. Қорытынды бөлігінде Фараби мұраларын ұлттық мектептер оқулығына түгел енгізу мәселесі мен тарихи ақиқаттарды игіліктендіру шаралары көтерілген. Мақала мектеп ұстаздарына, физика-математикалық мамандар мен студенттерге арналған және мектеп оқушыларына да пайдалы болмақ деп есептейміз.
МАТЕМАТИКА ТАРИХЫНДАҒЫ АҚИҚАТТАРДЫ ЖӘНЕ ФАРАБИ МҰРАСЫН ИГІЛІКТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған March 2025
85
23
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Сартабанов, Ж. і Шаукенбаева, А. 2025. МАТЕМАТИКА ТАРИХЫНДАҒЫ АҚИҚАТТАРДЫ ЖӘНЕ ФАРАБИ МҰРАСЫН ИГІЛІКТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025), 117–133. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.011.