Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

Жарияланған March 2024

77

50

А.А. Акжолова+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Г.Б. Камалова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Ш.Н. Куттыкожаева+
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ., Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ., Қазақстан
Аңдатпа

Әлемдік ғылым мен өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан ортағасырлық дәуірдің ұлы ойшылы әл-Фарабидің тригонометриялық мұрасы орасан зор теориялық және практикалық құндылық болып табылады. Онда бір градустағы синусты табудың және практикадағы әртүрлі мәселелерді шешуге қажетті тригонометриялық кестелерді құрудың бірегей алгоритмдері ұсынылған. Оларды заманауи информатика-математикалық білімге қосу ұлы ғалымның мұрасын насихаттап қана қоймай, тригонометрияны оқытудың мазмұнын байытады, оның қолданбалы бағытын күшейтеді, оқушылардың пәндік білім жүйесін кеңейтеді, қазіргі білім беру жүйесінің маңызды мақсаттарының бірі болып табылатын есептік ойлаудың мәнін анықтайтын іскерліктер мен дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Әл-Фарабидің тригонометриясын оқыту көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Оқушыларды әл-Фарабидің тригонометриясына оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оның пәндік-тақырыптық мазмұнын анықтаған жөн.

Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларының есептік ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған әл-Фарабидің тригонометриясын оқыту мазмұны мен құрылым анықтау

Нәтижелері: тұжырымдамалар жүйесінің моделі құрылған мазмұнды таңдаудың негізгі принциптері мен әдістері анықталды және оқушылардың есептік ойлауын дамытуға бағытталған білім беруді цифрландыру жағдайындағы әл-Фарабидің тригонометриясын оқытудың мазмұны мен құрылымы анықталды.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Akzholova А., Kamalova, G. і Kuttykozhaeva, S. 2024. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ОЙЛАУЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТРИГОНОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Бер 2024), 166–178. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.85.1.016.