Геометрияны оқытуда кәсіби мұғалімдердің жетіспеушілігі, геометрияны оқытудың заманауи әдістері мен материалдарының болмауы сынды мәселелер кездеседі. Осы мәселелерді шешу үшін математика мұғалімдерінің дайындығын педагогикалық ЖОО-дарының қабырғасында жетілдіру қажет. Бұл мақалада математиканы оқытуда ғана емес, жалпы дамуда да маңызды рөл атқаратын геометриялық есептерді шешудің негізгі дағдылары талқыланады. Біз геометрия есептерінің шешімдері мен дәлелдерін дұрыс жобалау студенттерге аналитикалық, логикалық және сыни ойлауды дамытуға қалай көмектесетініне назар аударғымыз келеді. Мұнда ойды жеткізуге дәлдік, дәйектілік және айқындлық қажет. Зерттеу барысында болашақ математика мұғалімдері-студенттер қатыстырылды, олардың геометриялық есептерін шешуді рәсімдеу бойынша қатаң талаптар қойылды. Нәтижесінде студенттер геометриялық есептердің шешімдері мен дәлелдерін дұрыс рәсімдеуді үйренді, бұл олардың болашақ кәсіби қызметі мен талдау дағдыларын, логикалық және сыни ойлауды дамытуға, сондай-ақ коммуникативті дағдылары мен топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға жақсы көмек болды.
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ПРОЦЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Жарияланған December 2024
61
35
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурбаева, Д., Нурмухамедова, Ж. , Косанов, Б. і Жадраева , Л. 2024. ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ПРОЦЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 117–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.012.