Ақтөбе өңірлік университеті мен Еуразия ұлттық университетінің бірлескен эксперименті аясында робот техникасын оқытуда электронды стендтерді пайдалану тиімділігін бағалау бойынша зерттеу жүргізілді. Экспериментке бақылау-эксперименттік топтарға бөлінген 70 студент қатысты. Алдын ала білімді бағалау үшін 25 сұрақтық тест қолданылды. Бір семестрге созылған эксперимент нәтижелері бойынша эксперименттік топтағы білім деңгейінің статистикалық жағынан айтарлықтай жақсарғаны анықталды, бұл ретте (р)-мәні 0,0101. Сауалнама көрсеткендей, студенттердің көпшілігі оқытудың жаңа тәсілін оң бағалаған. Зерттеу нәтижелері электрондық стендтердің оқу процесіне тигізетін ықпалын және олардың робототехниканы оқыту сапасын арттыруға әсерін растайды. Бұл жаңалық робототехника мен жалпы білім беру саласын одан әрі дамыту үшін маңызды. Инновациялық тәсіл оқытудың жаңа әдістерін әзірлеуге және жоғары технологиялар саласында қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін білім беру технологияларын жетілдіруге негіз бола алады.
РОБОТОТЕХНИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ СТЕНДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘСЕРІ
Жарияланған December 2024
64
46
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Шындалиев, Н., Раманқұлов, А., Зулпыхар, Ж. і Кулмагамбетова, Ж. 2024. РОБОТОТЕХНИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ СТЕНДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 297–306. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.030.