Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

СМАГУЛОВ ШАРТЫНДАҒЫ СИНГУЛЯРЛЫ БИСЫЗЫҚТЫ СТОХАСТИҚАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ШЕШУ ТУРАЛЫ

Жарияланған June 2024

61

29

Л.У. Жадраева +
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
М.К. Шуакаев +
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
М. Есенова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Аңдатпа

Жұмыста Ланжевен түріндегі сингулярлы бисызықты стохастикалық жүйелер класы қарастырылған.  Авторлар псевдо-жартылай кері матрицалар класының аппаратының анықтамасы мен қолданылуын келтіреді және бисызықты жағдайдағы сингулярлы сызықты емес стохастикалық жүйелер класы үшін Ш.С. Смағұловтың бастапқы шартын  алғаш рет енгізді. Мақалада «Кіру – Шығу»  бейнелеу түріндегі Ланжевеннің бірнеше кіру формасындағы класы үшін жүйе қарастырылады.

Ланжевен мен Вольтерра формалары арасындағы байланыс негізінде бисызықты жағдайдағы сингулярлы сызықты емес стохастикалық жүйелер класы үшін Вольтерра моделінің құрылуы  туралы теорема дәлелденеді. Сондай-ақ, бірнеше кірудегі жоғарыда аталған жүйелерге «Кіру – Шығу» бейнелеу сипаттау концепциясында Ито түріндегі Вольтерраның осы моделі үшін бірегейлік, жинақтылық және ақырлылық (С. Лидің нильпотентті матрицалар класы негізінде) туралы түйіндер дәлелденіп беріледі.

Белгілі болғандай, басқа зерттеулерде сингулярлы жүйелерді шешу есебінің қойылуында, біздің ойымызша, қөрсетілген бастапқы  шарты дұрыс емес немесе бұл шарт мүлде жоқ. Сондықтан, Ш.С. Смағұловтың бастапқы  шарты арқылы, Р.С. Судаковтын псевдо-жартылай кері матрицалар  аппараты негізінде және С.Л. Соболевтің аннуляторын пайдаланып,  жоғарыда аталған бисызықты жағдайдағы сингулярлы сызықты емес стохастикалық жүйелер класының шешімдерін тұрғызуға болады

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Zhadraeva, L., Shuakayev М. і Yessenova М. 2024. СМАГУЛОВ ШАРТЫНДАҒЫ СИНГУЛЯРЛЫ БИСЫЗЫҚТЫ СТОХАСТИҚАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ШЕШУ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 55–64. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.005.