Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

Жарияланған June 2024

48

24

М.Ж. Мынжасарова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аңдатпа

Мектепте әр оқушыға жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес геометриялық білім берілуі қажет. Себебі геометрия пәні жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы оқу жылында физика-математикалық бағытта жеке пән ретінде, ал техникалық бағытта жоғары математиканың құрамындағы негізгі пәндердің бірі ретінде оқытылады. Бірінші курс білім алушылары бұл пәнді игеруде  қиындықтарға тап болады. Себебі біріншіден білім алушының  геометриялық білімі жеткілікті жоғары емес, екіншіден жоғары оқу орнында бұл пәнді меңгеруге берілген сағат саны аз. Мақалада мектеп пен жоғары оқу орнында геометрия пәнін оқытудың сабақтастығы мәселесі қарастырылды.  Сабақтастық екі жақты, яғни мазмұнды және процессуалды тұрғыда кешенді түрде қарауды қажет етеді. Мазмұн сабақтастығын анықтауда мектеп пен жоғары оқу орнындағы геометрия пәнінің оқу бағдарламаларына талдау жасалды. Талдау нәтижесінде геометрия пәнінің  бағдарламалары талаптарындағы перспективті-сабақтастық байланыстар анықталды. Процессуалды сабақтастық тұрғысынан мектеп мен жоғары оқу орнында геометрия пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыру салыстырылды. Мақалада бірінші курс білім алушылары үшін геометрия пәнін оқытуда сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мынжасарова, М. 2024. МЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 147–159. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.014.