Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

АЛГЕБРА КУРСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Жарияланған June 2024

65

48

А. Абылкасымова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Б. Косанов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
https://orcid.org/0000-0002-8293-7264
Д. Нурбаева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
https://orcid.org/0000-0003-0257-2152
Ж. Нурмухамедова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
https://orcid.org/0000-0002-7322-5740
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Аңдатпа

Мақала Мұхаммед әл-Хорезмидің математикалық трактаттарының біріне ғылыми-әдістемелік талдау жасауға арналған. Шындығына келгенде, араб тіліндегі түпнұсқасы «Китаб әл-мұхтасар фи-хисаб әл-жебр уә әл-мүкабала» («Әл-жебр мен әл-мүкабала есептеулері қысқаша кітап») деп аталатын әл-Хорезмидің бұл трактаты әлемдік математика ғылымының асыл маржаны  болып табылады, себебі, ол – бүкіл дүние жүзі бойынша алгебра курсы бойынша жазылған алғашқы оқу құралы. Жалпы алғанда, математика ғылымының IX-XVI ғасырлардағы қалыптасуы мен дамуына мұсылман халықтарының, оның ішінде Орталық Азия елдері ғалымдарының қосқан үлестері ұшан-теңіз. Жоғарыда аталған трактаттың авторы әл-Хорезми Орталық Азия математикасының IX ғасырдағы аса көрнекті өкілі болып табылады (ол қазіргі Өзбекстан территориясына енетін Хорезм қаласында туылған). Бұл орайда, кеңестік дәуірде Орталық Азиядан шыққан ғалымдардың барлығын да араб ғалымдары деп атау үрдісінің берік қалыптасқандығын атап айту керек. Өкінішке орай, тарихи-математикалық әдебиетте негізінен алғанда, еуроцентристік көзқарасқа негізделген осы үрдіс әлі күнге дейін орын алуда. Осы айтылғандар мақала тақырыбының қазіргі күн талаптары тұрғысынан алғандағы өзектілігін анықтайды және математика тарихын осы сияқты «ақтаңдақтардан» арылтып, оны қазіргі заман талаптарына сай, жаңа айқындамалармен толықтыра түсуді қажет етеді. Мұның бүгінгі күн үшін ғана емес, болашақ үшін де зор маңызы бар. Мақаланы жазу барысында ғылыми-зерттеудің теориялық және тарихи-салыстырмалы талдау, жүйелеу-құрылымдау сияқты әдістері пайдаланылды. Мақаланың материалдарын жоғары педагогикалық оқу орындарында 6В01501-«Математика», 6В01502-«Математика және физика», 6В01503-«Математика және информатика» білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттерге «Математика тарихы» пәнін оқытуда пайдалануға болады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абылкасымова, А., Косанов, Б., Нурбаева, Д. і Нурмухамедова, Ж. 2024. АЛГЕБРА КУРСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Чер 2024), 119–127. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.86.2.011.