Ғылым мен техниканың үздіксіз дамуының жоғары деңгейіне байланысты бағдарламалау тілдері үздіксіз
жаңарып, өзгерістер енгізіліп отырды. Бағдарламалау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, интеллектісі
мен ойлауын дамытудың, сонымен қатар білімін, біліктілігін және дағдыларын қалыптастырудың маңызды
құралы болып тaбылды. Мақала ақпарaтты және білімді реттеуге, құрылымдауға, жүйелеуге, ақпараттық
модельдеудің маңыздылығын, ақпаратты ұсыну әдістерін түсінуге және оны заманауи ақпараттық ағындағы
технологияларды меңгеретін шолу мен шешім қабылдау процесінде пайдалануға мүмкіндік жасайтын
бағдарламалау негіздерін үйрету мәселелері мен оларды шешу жолдарына арналған. Алгоритмдік ойлау өмір
бойы сыртқы жағдайлардың әсерінен және қосымша факторлардың әсерінен өсіп отырады.
Мақалада жасөспірімдерді алгоритмдік ойлауды қалыптастырудың жаңа тиімді әдістерін табу қажеттілігі
қазіргі компьютерленген әлемде тұлғаның кейінгі өзін-өзі тану мақсатындағы маңыздылығымен байланысын
көрсетеді. Мақаланың негізгі мақсаты – бағдарламалаудың негізін оқыту барысында кездесетін кейбір
қиыншылықтарды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну. «Алгоритмдеу және бағдарламалау» тақырыбын
оқып үйрену кезінде жоғары сынып оқушыларына алгоритмдік ойлауды қалыптастырудың тиімді әдісі
алгоритмдер құрастыруда және оларды есептер шығару барысында қолданудың маңыздылығы айқындалған.
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
Жарияланған June 2021
143
20
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Заурбеков, Н. і Шерхан, Г. 2021. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 339–345.