Криптографиялық алгоритмдер ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың ең сенімді әдістерінің бірі екенін ескере отырып, олардың криптографиялық күшін бағалау маңызды рөл атқарады. Осы мақсатта әр түрлі зерттеулер жүргізіледі, ең бірінші бағаланатын сипаттамалардың бірі алынған шифр мәтіндердің статистикалық қауіпсіздігі.
Бұл мақалада ақпаратттық қауіпсіздік зертханасында жасалынған АL04 блокты шифрлау алгоритмінің статистикалық қауіпсіздігі зерттелінді. Алгоритмді зерттеу үшін бағдарламалық жүзеге асырылды. Алынған шифрмәтіндер Д.Кнуттың сынақтар жиынтығы, NIST тесттері арқылы зерттеліп, лавиндік әсерінің критерийі тексерілді (шығыс биттерінің орташа саны, тығыздық дәрежесі, лавиндік әсерінің дәрежесі, қатаң лавиндік критерийінің дәрежесі).
Қолданылатын бұл статистикалық сынақтар тізбектердің кездейсоқтық қасиеттерін нақты анықтайтын зерттеушілердің жұмысында кеңінен қолданылатын негізгілері болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша AL04 алгоритмді қолдану арқылы алынған тізбектерде ауытқулар жоқ екені анықталды. Осылайша, алгоритм жоғары статистикалық қауіпсіздікке ие екендігі анықталды.