Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА EXCEL ПАЙДАЛАНУ

Жарияланған December 2024

89

56

M. Искакова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
https://orcid.org/0000-0001-7368-7518
С. Толеугалиева+
Нархоз Университеті, Алматы
https://orcid.org/0000-0003-3187-7174
А. Қаржаубай+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
Л. Диярова+
Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау
https://orcid.org/0000-0002-4563-1098
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

M. Искакова

Математика, физика және информатика институты.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, университеттің қауымдастырылған профессоры.

Нархоз Университеті, Алматы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

С. Толеугалиева

"Экономика" Білім беру бағдарламасы.

Аға оқытушы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, қ. Алматы
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

А. Қаржаубай

7М01501-Математика

Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Л. Диярова

физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті

Аңдатпа

Бұл зерттеуде мектеп математика курсында статистика элементтерін оқытуда Excel кестелік процессорын қолдану жағдайы қарастырылды. Басқа программалық пакеттермен салыстырғанда Excel программалық жасақтамасының мектеп математикасында пайдаланудың артықшылықтары анықталды. Excel жайлы негізгі ақпарат көрсетіліп, қазіргі уақытта оның статистика элементтерін оқытуда пайдаланылуы туралы ақпарат берілді. Мектеп математика курсында статистиканың қандай есептерін шығаруға болатыны анықталды. Мектеп математикасында статистиканың алатын орны ерекше. Ол жалпы білім беретін мектептің 5-11 сыныптарының математика оқулықтарының әрқайсысында қамтылған. 5-6-сыныптарда олар статистикаға кіріспе ретінде ішкі тақырыптар ретінде берілсе, 7-11 сыныптарда жеке тарау ретінде қарастырылады. Оқулықтарда статистиканы оқытудағы цифрлық технологиялар мәселесі жиі айтылады. MS Excel цифрлық құралы Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып, 8-сынып және 11-сыныбына арналған математика оқулықтарында статистикалық есептерді  шығаруда қолданылады. Жалпы білім беретін мектептерінде 11-сынып  алгебра және анализ бастамалары пәнінде:  басты және таңдалым жиынтықтарын, негізгі статистикалық орта мәндер (таңдалым құлашы, арифметикалық орта, медиана, мода), дискретті және интервалдық жиілік кестелері, статистикалық диаграммалар (жиілік полигоны, гистограмма) және дискретті кездейсоқ шамалар таңдалымының сандық сипаттамалары түсініктерімен танысады. Осы мақаламызда 11-сынып  алгебра және анализ бастамалары оқулығында аталған тақырыптарға Excel кестелік процессорын пайдаланып, есептер шығаруға тапсырмалар және нұсқаулықтар бердік. Мектеп деңгейіндегі статистикалық есептердің барлығын Excel көмегімен шығаруға болатыны көрсетілді. MS Excel көмегімен жиілік кестесін құруға, негізгі статистикалық орта мәндерді есептеуге, жиіліктер полигонын және гистограммасын құруға нақты мысалдармен көрсетілді.

pdf
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Искакова M., Толеугалиева S., Қаржаубай A. і Диярова L. 2024. МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА СТАТИСТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА EXCEL ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 99–105. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.010.