Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған June 2020

167

234

А.Қ. Бекболғанова +
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ
Аңдатпа

Мақаланың өзектілігі еліміздегі білім беру жүйесін реформалаудың маңызды бағыты жеке тұлғаның ерекшеліктеріне, жеке мүмкіндіктеріне, бейімділігіне және қабілеттеріне сәйкес дамуына бағдар беру мәселелерімен анықталады. Адамның қазіргі қоғамдағы толыққанды іс-әрекеті, оның күнделікті өмірі мен кәсіби қызметі одан жалпы дамудың, жалпы мәдениеттің жоғары деңгейін талап етеді. Мақалада оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыруға және оқушының тұлғасын дамытуға барынша бағытталған мүмкіндіктер қарастырылған. Математиканы оқыту кезінде оқушылардың жалпы ойлау мәдениетін қалыптастыру ісәрекетінің құрылымына, шығармашылық математикалық іс-әрекеттің ерекшелігіне сәйкес оқу процесін құруды білдіретін әдістері мен тәсілдерін меңгеруге әкелетін, оқушыны өзіне қажеттіні іздеу іс-әрекетінің ролі анықталған. Логикалық мәдениеттілік өте кең және күрделі ұғым. Себебі, мұндай біліктіліктер кез келген мамандықтағы адамдарға қажет. Сонымен қатар мақалада осы тақырыпты зерттеген ғалымдардың пікірлері анық дәлел ретінде келтірілген. Ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, оқушылардың оқу процесінде логикалық ойлауының даму мүмкіндігі және туындаған мәселелерді шешудің әр түрлі жолдары қарастырылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бекболғанова , А. 2020. МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 70, 2 (Чер 2020), 59–63. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7901.08.