Бұл зерттеу жұмысында Қазақстанның климат жағдайына арналған күн сәулесін жұту пластинасының энергетикалық сипаттамасын болжайтын, энергия және масса балансына негізделген сандық модель ұсынылған. Өнімділікті арттыру үшін күн сәулесін жұту пластинасының жаңа конфигурациясы ұсынылды. Қарапайым күн сәулесін жұту пластинасы мен фазасын ауыстырғыш материалдар (PCM) күн сәулесін жұту пластинасы нәтижелерінің арасында салыстыру жүргізілді. Сандық модельдеу күн сәулесінің қарқындылығы 100 Вт/м2 пен 900 Вт/м2 арасында болатын континенталды климат жағдайында, кең диапазонды қоршаған орта температуралық мәндері үшін жүргізілді. Күн сәулесінің қарқындылығы мен қоршаған орта температурасы әсері қарастырылды. Ұсынылып отырған технология келесі жүйелерге қолдануға жарамды: күн су жылытқышы, негізі ауа/жер болып табылатын күн жылу сорғысы, күн жылу энергиясын сақтау құралы. Жылу балансына негізделген есептеу алгоритмі әр түрлі конфигурациялы күн жылу коллекторының жылу сипаттамаларын модельдеу үшін қолданылады. Әртүрлі РСМ-дер алдағы зерттеулерде қарастырылады.
ФАЗА АУЫСТЫРҒЫШ МАТЕРИАЛЫНА ТОЛТЫРЫЛҒАН КАНАЛДАРЫ БАР КҮН СӘУЛЕСІН ЖҰТУ ПЛАСТИНАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған September 2024
189
1
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Алиулы A., Карлина, Е., Ердеш, Е., Моханрадж, М. і Беляев, Е. 2024. ФАЗА АУЫСТЫРҒЫШ МАТЕРИАЛЫНА ТОЛТЫРЫЛҒАН КАНАЛДАРЫ БАР КҮН СӘУЛЕСІН ЖҰТУ ПЛАСТИНАСЫНДАҒЫ ЖЫЛУ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН САНДЫҚ МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 87, 3 (Вер 2024), 7–16. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.87.3.001.