Бүгінгі таңда физика пәні бойынша тәжірибелерді заман талабына сай жоғары деңгейде ұйымдастыру және өткізу маңызды болып табылады. Физикадан құбылыстар мен заңдарға негізделген тәжірбиелер теориялық білімді ғана қамтымайды, практикалық дағдыларды да ұштастырады. Алайда, физика саласындағы дәстүрлі зертханалық жұмыстарды іске асыруда қымбат жабдықтардың қажеттілігі, уақытты және қауіпсіздік шараларын талап ететіндігі қиындықтар тудырады. Сондай-ақ, тәжірибе барысында физикалық заңдылықтарды білім алушылардың жан-жақты зерттеу мүмкіндігін шектейді. VR (виртуалды шындық) технологиясын физикалық тәжірбиелерді ұйымдастыру мен өткізуде қолдану бұл шеутеулерді жойып, оқу нәтижелеріне қол жеткізуде елеулі үлес қосады. VR технологиясы білім алушылардың қауіпті материалдарсыз, күрделі жабдықтарсыз тәжірибелерді жүргізуіне жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде оқу үдерісіндегі іс-әрекеттерді оңтайлы әрі қауіпсіз етеді. Осы тұрғыдан бұл зерттеудің негізгі идеясы мен мақсаты VR технологиясын физиканы оқытуда қолданудың ерекшеліктерін, оқу нәтижелеріне қол жеткізудегі тиімділігін айқындау болып табылады. Зерттеуде физиканың кейбір күрделі тақырыптарын оқыту мысалдары қарастырылды және тақырыпты меңгерудегі VR әсері, зертханалық сабақтардың оқу нәтижелерін жақсарту мүмкіндіктері айқындалды. Зерттеудің мақсатын іске асыру барысында мета-анализ, сауалнама, математикалық-статистикалық талдау және т.б. зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері VR технологиясын физика тәжірбиелерінде қолданудың әдістемелік ерекшеліктерін және тақырыпты жеңіл меңгеріп, оқу нәтижелерін жақсыртудағы тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, педагогикалық зерттеу соңында білім алушылар VR технологиясын қолдану арқылы, оқуға деген қызығушылығы мен мотивацияларын күшейте алғандарын білдірді.
ФИЗИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ: VR ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған December 2024
50
34
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Курбанбеков , Б., Битибаева, Ж., Асанбек, Б. і Раманкулов, Ш. 2024. ФИЗИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ: VR ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 252–261. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.025.