Иінтіректі механизмдердің механикалық есептерінде сырықты буындардың қозғалыс инерциясы массалар центріне бас күштер векторы және бас момент векторы ретінде, ал массалар центрі түйін түрінде механизм құрылымының шектік элемент моделіне кірумен ескерілетін шектік элемент моделі ретінде кеңінен қолданылады. Таралған қозғалыс инерциясын ескеру құрылымдық кеңістіктік байланыстарда шекті элементтердің нақты моделін құруға мүмкіндік береді. Тұрақты қимадағы перпендикуляр және барлық буын бойында әсер ететін таралған инерциялық жүктемелерді алгебралық қосқанда оның таралу қарқындылығы барлық буынға таралатынын көрсете аламыз. Түзусызықты біртекті сырық үшін шеттік элементтер әдісінде қозғалатын өстердің проекцияларындағы еркін қатты дене нүктелері үшін Шаль теоремасымен қоса осы әдісті қолдана отырып таралған қозғалыс инерциясын аналитикалық ескеретін шекті элементтердің нақты моделіне келеміз. Сонымен қатар біз белгілі матрицалық қатынаста түйіндік жалпылаған серпімді қозғалысымен сырықтық элементтің байланыс нүктелерінде әсер ететін жалпыланған күш реакцияларын байланыстыратын векторшаларды алдық. Бұл векторшалар таралған кеңістіктік буын қозғалысының салмағы мен инерциясын ескереді.
ИІНТІРЕКТІ СЫРЫҚТЫ МЕХАНИЗМДЕР ҚҰРЫЛЫМЫН ТАРАЛҒАН ИНЕРЦИЯНЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП МОДЕЛДЕУ
Жарияланған June 2021
82
13
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Темирбеков, Е. і Тукешова, Г. 2021. ИІНТІРЕКТІ СЫРЫҚТЫ МЕХАНИЗМДЕР ҚҰРЫЛЫМЫН ТАРАЛҒАН ИНЕРЦИЯНЫ ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП МОДЕЛДЕУ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 269–284.