Бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті, кәсіби тұрғыда дайындалған информатика пәні мұғалімдерін даярлау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мақалада болашақ информатика мұғалімдерге операциялық жүйелерді оқытуда виртуалды машиналарды қолданудың маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негізделеді. Зерттеудің мақсаты – виртуалды машиналарды пайдалана отырып, операциялық жүйелерді оқытудың тиімді әдістемесін ұсыну.
Мақалада VirtualBox тәрізді виртуализация құралдарының мүмкіндіктері қарастырылып, оларды оқу процесінде тиімді қолдану жолдары сипатталады. Виртуалды ортада жүргізілетін тәжірибелік тапсырмалар студенттердің операциялық жүйелерді басқару дағдыларын қауіпсіз және икемді түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұсынылған әдістеме аппараттық ресурстарды оңтайлы пайдалануға және күрделі бағдарламалармен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Зерттеу нәтижесінде болашақ информатика мұғалімдерге арналған тәжірибелік тапсырмалар құрылып, оқыту процесіне енгізілді. Қорытындыда виртуализация технологияларын қолдану білім алушылардың практикалық құзыреттерін қалыптастыруда тиімді құрал ретінде ұсынылады