Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІНІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУ

Жарияланған March 2025

120

41

Н.Н. Керімбаев+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-3206-0855
Ж.Г. Менлибай+
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0007-2232-0135
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Н.Н. Керімбаев

П.ғ.д., Профессор

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ж.Г. Менлибай

PhD докторант

Аңдатпа

Бұл мақалада генеративті жасанды интеллект технологияларын бағдарламалауды оқытудағы педагогикалық құрал ретінде қолданудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылады. Білім беру саласында жасанды интеллекттің маңыздылығы артып келеді, ал GenAI студенттердің оқуға деген ынтасын арттыруға, оқу материалдарын жекелендіруге және олардың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Мақалада жасанды интеллектіні оқу процесіне интеграциялаудың негізгі әдістері, артықшылықтары және шектеулері талданады. Зерттеу барысында жасанды интеллект құралдары оқыту процесін автоматтандыру және жекелендіру үшін қолданылған. Әсіресе, студенттерге бағдарламалау негіздерін меңгеру барысында жасанды интеллект динамикалық кері байланыс беруге, алгоритмдерді түсіндіруге және қателерді түзетуге көмек көрсететін құрал ретінде пайдаланылды. Сонымен қатар, этикалық мәселелер мен технологияның білім сапасына ықпал етуі талқыланды. Мақалада жасанды интеллекттіні бағдарламалау курстарында қолдану тиімділігін арттыруға арналған практикалық ұсыныстар беріледі. Бұл зерттеу білім беру саласында инновацияларды енгізуге және жасанды интеллект құралдарын пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді. Аталмыш тәсіл бағдарламалауды оқытудың сапасын жақсартып, студенттердің шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға негізделген.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Керімбаев, Н. і Менлибай, Ж. 2025. ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІНІ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ОҚЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 89, 1 (Бер 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.89.1.025.