Бұл жұмыстың басты мақсаты студенттерге жай дифференциалдық теңдеулер теориясынан екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті және біртекті емес дифференциалдық теңдеулерге қойылған бастапқы есептердің дербес шешімдеріне анализ жасап үйрету. Жұмыста студенттердің оқытушымен өздік жұмысында қарастырылған жаттығулар тізімі берілген. Талқыланған жаттығулар тізімінің шешімі мен анализі келтірілген. Қарастырылған тақырып бойынша студенттердің өздік жұмысына ұсынылған тапсырмалар тізімі ұсынылған. Сондай-ақ, студенттердің тапсырмаларды орындаулары бойынша қорытынды жасалған. Өздік жұмыстарда студенттің белсенділік танытуы білім алушы бойында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген қызығушылығын арттырады. Ғылыми зерттеулерде есептің шешіміне анализ бен болашаққа болжау жасау жоғары бағаланатын қабілет екендігі белгілі. Білім алушылардың өздік жұмысын орындау барысында алған білімдері мен тәжірибелері олардың кәсіби маман болып қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді деп сенеміз.
«ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІНЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ
Жарияланған December 2024
95
42
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нурахметова, М. і Нұрахметов, Д. 2024. «ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ТЕОРИЯСЫ» ПӘНІНЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2024), 106–116. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2024.88.4.011.