Сұйықпен қаныққан деформацияланатын кеуекті орталардағы толқындық процестер табиғи жүйелер мен инженерлік құрылыстардағы күрделі физикалық құбылыстарды түсіну үшін маңызды рөл атқарады. Мұндай орталар сұйық пен қатты қаңқа арасындағы өзара әрекеттесудің нәтижесінде ерекше механикалық қасиеттерге ие, бұл сызықты емес әсерлердің пайда болуына және жоғары жүктемелер кезінде толқындық сипаттамалардың өзгеруіне әкеледі. Бұл мақалада осы құбылыстарды сандық талдауға арналған математикалық модельдер мен әдістер қарастырылады. Фазалардың күшті өзара әрекеттесуі мен шекаралық жағдайларға байланысты сызықты емес әсерлерге ерекше назар аударылған. Инженерлік қолдану үшін кеуекті материалдардың мінез-құлқын болжауға мүмкіндік беретін сандық әдістер, соның ішінде ақырлы айырым әдісі, жоғары жүктеме жағдайларындағы толқындық процестерді талдауға мүмкіндік береді.
КЕУЕКТІ ОРТАЛАРДЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ӘСЕРЛЕР
Жарияланған December 2025
0
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Юсупова, А., Шияпов, К. і Чеверда, В. 2025. КЕУЕКТІ ОРТАЛАРДЫҢ ТОЛҚЫНДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ СЫЗЫҚТЫ ЕМЕС ӘСЕРЛЕР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.008.
https://orcid.org/0009-0001-9696-1812