Бұл зерттеу жасанды интеллект(ЖИ) құралдарын педагогтердің кәсіби қызметіне кіріктіру процесін зерттеуге арналды. Зерттеудің мақсаты – педагогтердің жас ерекшелігі мен олардың білім беру тәжірибесінде ЖИ-ды қолдануға деген көзқарасы арасындағы байланысты анықтау болғандықтан, 2024-2025 оқу жылында Ақтөбе облысы мектептерінің информатика мұғалімдерінің арасында жүргізілген пилоттық зерттеу нәтижелері талданды.
Зерттеу нәтижелері ретінде айқындалғандай, ЖИ қолдану мәселесі әртүрлі буын педагогтерінің оны қабылдауынан, дайындық деңгейінен, уақыт ресурсын үлестіре алуға бейімділіктерінен тәуелділіктері көрсетілді. Жас буын педагогтері ЖИ мүмкіндіктерін оң қабылдайтындығы, ал аға буын педагогтерінің қабылдауға құлықсыздығының себебі технология мұғалімнің рөлін төмендетуі немесе оқытудағы адами факторының жойылуына әкеледі деген күмәнімен негізделді.
Сондықтан, болашақ педогогтерді ЖИ құралдарын қолдануға ЖОО-ында даярлаудың маңыздылығы және мектеп педагогтеріна арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру қажеттілігі негізделді және болашақта ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу барысында қамтылуы тиіс респонденттердің таңдау көлемі есептелді.