Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДАҒЫ 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ӘСЕРІ

Жарияланған December 2025

10

6

А. Айтуар+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Ж. Кеулимжаева+
Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.
Б. Омарбаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Аңдатпа

Бұл жұмыста компьютерлік интерактивті Geogebra бағдарламасының көмегімен сызықтық алгебралық теңсіздіктер жүйесін оқытудағы оқушылардың үлгеріміне әсерін анықтау мәселесі қарастырылды. Зерттеу жұмысына Алматы қаласындағы Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 30 оқушысы қатысты. Зерттеу үшін квазиэксперименттік әдіс қолданылды. Яғни оқушылар эксперименттік және бақылау тобы болып екіге бөлінді. Эксперименттік топтағы сабақтар Geogebra бағдарламасының көмегімен, ал бақылау тобындағы сабақтар дәстүрлі әдістер арқылы өткізілді. Бұл зерттеу 6-сынып оқушылары арасында жүзеге асырылды. Зерттеу жұмысының барысында екі топ оқушыларынан зерттеуге дейінгі (pre-test) және зерттеуден кейінгі (post-test) тесттері алынып, нәтижесінде эксперименттік топтың оқушылары бақылау тобымен салыстырғанда оқу үлгерімінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті (d = 0,819 әсер ету мөлшерімен). Сонымен қатар мақалада зерттеу соңында екі топтың оқушыларынан Geogebra бағдарламасының оқу үлгеріміне әсері туралы сауалнама алынып, нәтижесінде «Сызықтық алгебралық теңсіздіктер жүйесі» тақырыбын оқытуда оқушылардың оқу үлгеріміне деген тиімді әсері туралы анықталды.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Айтуар, А., Кеулимжаева, Ж. і Омарбаева, Б. 2025. GEOGEBRA БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢСІЗДІКТЕР ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДАҒЫ 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА ӘСЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025), 95–106. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.010.