Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ТӨРТІНШІ РЕТТІ АЙНЫМАЛЫ КОЭФФИЦИЕНТТІ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУДІҢ КОРРЕКТІЛІК ШАРТТАРЫ

Жарияланған June 2025

35

23

К.Н. Оспанов+
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, г.Астана
Е.О. Молдагали+
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, г.Астана
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, г.Астана
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, г.Астана
Аңдатпа

Біз бұл мақалада шектелмеген айнымалы коэффициенттері бар төртінші ретті екі мүшелі бір дифференциалдық теңдеудің корректілік шарттарын көрсеттік. Теңдеу кіші мүшесі болмауы себепті нұқсанды теңдеу болып табылады. Теңдеудің екінші ерекшелігі – оның аралық коэффициентіжылдам өседі. Мұндай теңдеулерге тербелістердің, тұтқыр серпімді және серпімсіз ағындардың, иілу толқындарының және т.б. теорияларындағы бірқатар математикалық мәселелер алып келеді. Жұмыста жалпыланған шешімнің бар болуы және жалғыздығы жайлы теорема дәлелденді, сол сияқты шешім мен оның бірінші ретті туындысының салмақты нормаларының бағасы көрсетілді. Коэффициенттерге қойылған шарттарды функциялардың кең класы қанағаттандырады. Жоғарғы мүшедегі коэффициенттерден олардың шексіздіктегі өсуі дәрежелік функциядан аспауы талап етіледі. Коэффициенттер тегіс функциялар деп ұйғарылады, дегенмен олардың туындыларына ешқандай шектеу қойылмайды. Барлық шарттар әр коэффициенттің өзіне және олардың арасындағы белгілі бір қатынастарға қойылған.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Оспанов, К. і Молдагали, Е. 2025. ТӨРТІНШІ РЕТТІ АЙНЫМАЛЫ КОЭФФИЦИЕНТТІ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУДІҢ КОРРЕКТІЛІК ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 116–123. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.010.