Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

IOT ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚҰРУ БОЙЫНША БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ

Жарияланған June 2025

40

23

Ш. Тұрашова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0001-7124-5062
Қ. Сейдуәлі+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0003-2673-9316
Ү. Базарбаева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0001-8124-2834
Ш. Уразгалиева+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0009-0009-9839-4995
М. Ерсин+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Заттар интернеті (IoT) бүгінде тек технологиялық тренд емес, біздің өмірімізді тез өзгертетін шындық. Cisco компаниясының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай әлемде қосылған құрылғылардың саны артып, 500 миллиардқа жетеді. Бұл IoT болашақтың ажырамас бөлігі болады және IoT мамандарына сұраныс тұрақты түрде артады дегенді білдіреді. Осыған байланысты, өскелең ұрпақты IoT әлемінде өмір сүруге дайындау маңызды міндетке айналуда. Мектептегі информатика бағдарламасына IoT сұрақтарын қосу-оқушылардың қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Алайда, бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыру үшін мектептерді тек теориялық білімі ғана емес, сонымен қатар IoT саласында практикалық дағдылары бар құзыретті информатика мұғалімдерімен қамтамасыз ету қажет. Бұл оқушыларды сапалы оқытуды қамтамасыз етуге, оларды IoT әлемінде өмір сүруге дайындауға және технологиялардың осы перспективалық бағытын дамытуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Мұғалімдерді даярлаудың тиімділігін арттыру үшін оқытудың заманауи әдістері мен цифрлық білім беру ресурстарын қолданған жөн. Алайда, заттар интернеті технологиясын оқыту саласындағы қолданыстағы ғылыми-әдістемелік зерттеулерді талдау IoT саласында, әсіресе білім беруді цифрландырудың қазіргі жағдайында болашақ информатика мұғалімдерін даярлау мәселелеріне арналған жұмыстардың объективті аз санын атап өтуге мүмкіндік береді.

Бұл зерттеудің мақсаты болашақ информатика мұғалімдерін заманауи цифрлық білім беру ресурстарына негізделген пәнаралық жобалар шеңберінде IoT құрылғыларын құруға оқыту моделін әзірлеу және сынақтан өткізу болып табылады. Зерттеу нәтижелері: пәнаралық жоба аясында IoT негізінде жабық өсімдіктерді автоматты суару жүйесі әзірленді, ең тиімді цифрлық білім беру ресурстары және осы IoT құрылғысын жасау процесін оқыту моделі анықталды және әзірленді, оларды пайдалана отырып, ЦОР көмегімен IoT құрылғыларын құруды оқыту процесіне студенттердің қанағаттану дәрежесі бағаланды.

pdf (English)
Тіл

English

Як цитувати

[1]
Тұрашова S., Сейдуәлі K., Базарбаева U., Уразгалиева S. і Ерсин M. 2025. IOT ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚҰРУ БОЙЫНША БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 331–340. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.029.