Қазіргі таңда ұсақ кәсіпорындардың бірлестіктерге бірігу процесстері белсенді өтіп жатыр. Бірлестіктердің
ақпараттық жүйесі дұрысында бірнеше аумақтық бөлінген бөлімдердің жұмысын қамтамасыз етуі керек.
Автоматтандыру процесі болашақ ақпараттық жүйеге кәсіпорын қызметін және негізгі ұсыныстарды әзірлеуді
талдаудан басталады. Осыдан кейін ғана сол әлде басқа дайын жүйені таңдау немесе жеке істеп шығару мәселесі
шешіледі. Бұл жағдайда базалық бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйенің
функционалдық құрылымын жобалау, бөлінген деректер қорын жобалау және оның жұмыс істеу параметрлерін
есептеу секілді бірқатар мәселелерді шешу керек. Бұл мақалада бірнеше бөлімшелері бар кәсіпорындарға
арналған мамандандырылған корпоративті мәліметтер сақтайтын орынды басқарудың топологиялық моделін
құру, модельде негізгі топологиялық объекттер түрінде өндірістік мәліметтерді жіберу арналары мен орта
компоненттері, корпоративті мәліметтерді өңдеу мен алмасу процесінде кезектерді тиімді басқару алгоритмі мен
математикалық моделі туралы баяндалған. Аталған модель корпоративті портал мәліметтермен ауысу және
оларды өңдеу процесіндегі қосымша функция нәтижесі сипаталған.
КОРПОРАТИВТІК ПОРТАЛ ОРТАСЫНДА ӨНДІРІС ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ МЕН АЛМАСУ ПРОЦЕССІНДЕ КЕЗЕКТІ БАСҚАРУ АЛГОРИТМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ
Жарияланған June 2021
139
15
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оразбеков, Ж., Мошкалов A. і Сабраев, Қ. 2021. КОРПОРАТИВТІК ПОРТАЛ ОРТАСЫНДА ӨНДІРІС ДЕРЕКТЕРІН ӨҢДЕУ МЕН АЛМАСУ ПРОЦЕССІНДЕ КЕЗЕКТІ БАСҚАРУ АЛГОРИТМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 69, 1 (Чер 2021), 395–399.