Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ТРАНСЦЕНДЕНТТІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ

Жарияланған March 2026

11

7

Г.Е. Берикханова+
Шәкәрім университеті, Семей қ.,
Д.С. Құдайбергенов+
Шәкәрім университеті, Семей қ.
М.Т. Искакова+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Шәкәрім университеті, Семей қ.,
Шәкәрім университеті, Семей қ.
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Оқушыда математикалық сауаттылық, зерттеушілік және шығармашылық құзіреттілік қалыптастыру – математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі. Оқушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытудың бір жолы – қиындығы жоғары және стандартты емес есептерді шығара білуге жаттықтыру мұғалімнің шеберлігі мен еңбекқорлығының нәтижесінде жүзеге асады. Стандартты емес трансцендентті есептер, сондай-ақ стандартты емес әдістермен шығарылатын есептер конкурстық, олимпиадалық тапсырмаларда жиі кездеседі. Мақалада стандартты емес трансцендентті теңдеулерді шешуде дәстүрлі әдістерден тыс жаңа стратегиялық әдістерді қолдануды қарастырады. Функцияның монотондылығын, шенелгендігін, жұптылығын, мүмкін мәндер жиынын қолдану, теңдеуді функцияға көбейту және сан аралықтарында зерттеу сияқты тәсілдер қарастырылады. Олардың қолданылуы мен тиімділігі мысалдар арқылы көрсетіледі. Стандартты емес теңдеулерді шешудің барлық тәсілдерін қарастырып шығу мүмкін емес. Қарастырылған мысалдардан стандартты емес трансцендентті теңдеулерді шешу оқушылардың меңгерген материалдарын шығармашылықпен ұғынуына, ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Осындай мысалдар математикалық үйірмеде, сыныптан тыс сабақтарда, олимпиадаға дайындауда сондай-ақ қорытынды - қайталау сабақтарында қолдану арқылы стандартты емес тәсілдермен шешілетін теңдеулерді дәстүрлі емес әдістермен шығаруға, тиімді тәсілдерді іздеуге оқушыларды баулиды. Жұмыс қазіргі контексте теңдеулерді шешуге бірегей көзқарас ұсына отырып, жаңа перспективаларды ашады және оқушыда математика пәніне шығармашылық көзқарасты шабыттандырады.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Берикханова, Г. , Құдайбергенов, Д. і Искакова, М. 2026. СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ТРАНСЦЕНДЕНТТІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 93, 1 (Бер 2026), 65–74. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.93.1.006.