Мақала қазақ ым-ишара тілін тану жүйесін әзірлеу және оның тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылады. Бүгінгі таңда маңызды міндет – есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдардың қарым-қатынасын жеңілдету мақсатында қазақ ым-ишара тілін нақты уақыт режимінде тани алатын жүйе құру. Ұсынылып отырған әдісте нақты уақыт режимінде ымдарды жоғары дәлдікпен тануды қамтамасыз ететін YOLOv5 свертпелі нейрондық желісі мен Mediapipe кітапханасы қолданылады. Танылған белгілерді талдау және олардың мағыналық өңдеу үшін ұзақ және қысқа мерзімді жады желісі (LSTM) пайдаланылады. Әзірленген жүйе пайдаланушының қол қимылдарын нақты уақыт режимінде талдап, танылған ымдардан мағыналы сөйлемдер құрауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нәтижелерді пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсыну үшін Django фреймворкі негізінде веб-сайт жасалды. Эксперименттік нәтижелер ұсынылған жүйенің нақты уақыт режимінде қазақ ым-ишара тілін тануда жоғары дәлдік пен сенімділікті қамтамасыз ететінін көрсетті.
https://orcid.org/0000-0001-8164-8199