Бұл мақалада моделі мен кері есептерді шешу әдістерін пайдалану арқылы қызылша ауруының таралу динамикасы қарастырылады. Эпидемиологиялық деректер, бақылау нәтижелері және аналитикалық есептеулер негізінде математикалық модельдеу жүргізілді. Оңтайландыру әдісі ретінде генетикалық алгоритм қолданылды. Зерттеу 2000-2020 жылдар аралығында Бангладештегі инфекциялардың таралу динамикасына сандық талдау жүргізуді қамтиды. Модель көмегімен инфекцияның таралуына әсер ететін негізгі параметрлер анықталды, оның ішінде вирустың таралу жылдамдығы, вакцинацияның бірінші және екінші дозаларының тиімділігі, сондай-ақ ауру салдарынан өлім-жітім деңгейі қайта құрылды. Қалпына келтірілген деректер нақты эпидемиологиялық мәліметтермен салыстырылып, олардың сәйкестігі бағаланды. Алынған нәтижелер ұсынылған тәсілдің қызылша эпидемиясын талдау және болжау үшін қолданылу мүмкіндігін көрсетеді. Қарастырылған математикалық модель әртүрлі аймақтарға бейімделіп, эпидемияға қарсы шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАРАЛУЫНЫҢ КЕРІ ЕСЕБІН МОДЕЛЬДЕУ
Жарияланған June 2025
42
24
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Социалова, Ұ. і Бектемесов, Ж. 2025. ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАРАЛУЫНЫҢ КЕРІ ЕСЕБІН МОДЕЛЬДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 124–134. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.011.
https://orcid.org/0009-0003-9034-2337