Жұмыста жоғары ретті айналу беттерімен шектелген теңселмелі тірекке орнатылған жартылай толтырылған цилиндрлік резервуарлардағы сұйықтың қозғалысы зерттелген. Түзетілген беттері бар теңселмелі тірекке орнатылған ішінара сұйықтықпен толтырылған резервуардың қозғалыс теңдеулерінің жүйелері алынған, ал дөңгелек цилиндр түріндегі қуыс үшін гидродинамикалық коэффициенттердің мәндері табылған. Көлденең кинематикалық қоздырулар кезінде теңселмелі тірекке орнатылған цилиндрлік резервуарлардың қабырғаларымен сұйықтың әрекеттесуінің гидродинамикалық күштері мен моменттерін анықтау қажетті формулалар табылған. Түзетілген беттермен шектелген теңселмелі тірекке орнатылған сұйықтығы бар цилиндрлік резервуарлардың тербелмелі қозғалысының резонанстық режимдері зерттеледі. Жоғары ретті айналу беттерімен шектелген теңселмелі тірекке орнатылған сұйықтығы бар резервуардың тербеліс жиілігі, меншікті жиіліктен әлдеқайда аз, болғанда сұйықтық ыдыспен бірге біртұтас қозғалатыны тағайындалды. Мұндағы резонанс құбылысын ыдыстағы сұйықтықтың тербеліс амплитудасының шамасының шексіз ұлғаюы ретінде емес, ыдыс тербелістерінің өте аз амплитудаларында сұйықтықтың тербелістерінің аз болатынының көрсеткіші деп түсіну керек. Резонанстық жиілікте ыдыс мүлде орын ауыстырмауы керек, өйткені бұл қозғалмайтын ыдыстағы сұйықтықтың тербеліс жиілігі.