Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

〖 L〗_p (R) КЕҢІСТІГІНДЕГІ БІР ОПЕРАТОРДЫҢ БӨЛІКТЕНУІ ТУРАЛЫ

Жарияланған September 2025

11

11

А. Биргебаев+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Ғ. Жұмағұл+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Табиғаттың физикалық заңдарының көпшілігін жай және дербес туындылы теңдеулер тілінде тұжырымдауға болады. Мысал ретінде Штурм-Лиувилл, Навье - Стокс теңдеуін, кванттық механикадағы Шредингер теңдеулерін келтіруге болады. Бұл теңдеулердің барлығында да физикалық құбылыстар кеңістіктің және уақыттың туындылары тілінде сипатталады. Теңдеулердегі туындылардың қатысуы маңызды физикалық шамаларды сипаттайды. Олар жылдамдық, үдеу, күш, үйкеліс, ағым, ток және т.б. Сонымен, құрамында анықтауды қажет ететін дифференциалдық теңдеу пайда болады. Дифференциалдық теңдеулер үшін қойылатын есептердің ішінде шешімі бар, жалғыз болуы, тегістігі және есептің бастапқы шарттарынан үзіліссіз түрде  тәуелді қисынды қойылатын есептер класы ерекше маңызды. Бұл мақаланың  мақсаты салмақты коэфицентті Штурм-Лиувилл теңдеуінің  шешімінің бар болуның және шешімнің тегістігінің жеткілікті шарттарын анықтау. Мақсатқа жету барысында берілген дифференциалдық теңдеу операторлар әдісіммен зерттелді.  Есеп Банах кеңістігінде қарастырылып операторлардың, функционалдық кеңістіктердің қасиеттері пайдаланылды. Кванттық механиканың көптеген сұрақтары дербес жағдайда Гильберт кеңістігінде элетромагниттік толқындардың  сәуле шашуы сингулярлы дифференциалдық операторлардың кері операторларының бар болуы және бөліктенетін  есептерге  келетіні мәлім. Сондай операторлардың бірі реті жоғары  туындыларында  салмақтылығы бар Штурм-Лиувилл операторлары. Бұл жұмыста функционалдық анализ әдістерімен аталған оператор зерттелген. Банах кеңістігінде осы операторға сәйкес дйфференциалдық теңдеудің шешімінің бар болатындығы және оператордың бөліктенуінің жеткілікті шарттары табылған.

pdf
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Биргебаев, А. і Жұмағұл, Г. 2025. 〖 L〗_p (R) КЕҢІСТІГІНДЕГІ БІР ОПЕРАТОРДЫҢ БӨЛІКТЕНУІ ТУРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 20–28. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.002.