Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

AR ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРҒА БЕЙІМДЕУ

Жарияланған June 2025

54

34

Г.И. Салгараева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-9477-6245
Ж.Б. Базаева+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-6910-0470
Б. Сабит+
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
https://orcid.org/0000-0002-6163-4520
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ, Қазақстан
Аңдатпа

Бұл мақалада зерттеу шеңберінде есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда AR технологиясының мүмкіндіктері бар үйретуші мобильді қосымшаны интеграциялау мәселесі қарастырылған. Зерттеу жұмысының аясында есту қабілеті зақымданған балаларға арналған арнайы (түзету) мектептің 9 сынып оқушыларына информатиканы оқыту процесіне AR технологияға негізделген үйретуші мобильді қосымшаны қолдану эксперименті жасалды. Эскперименттің мақсаты, цифрлық трансформация жағдайында инклюзивті білім беру ортасын қамтамасыз ету үшін есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда арнайы үйретуші мобильді қосымшаны интеграциялау тиімділігін анықтау болды. Қосымшаның тиімділігін бағалау мақсатында оқу материалын игеру деңгейін анықтау үшін алдын-ала және кейінгі тестілеу алынды. Эксперимент барысында цифрлық инклюзия құралы ретінде әзірленген AR мүмкіндіктері бар үйретуші мобильді қосымшаны тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды және оқу материалын сапалы игерудің жолдары ұсынылды. Алынған деректерді талдау AR технологиясын пайдаланудың тұжырымдамалық аппараты, алгоритмдік ойлауды және цифрлық объектілермен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру сапасына оң әсерін анықтауға мүмкіндік берді. Эскперимент нәтижесінде инклюзивті білім беру ортасында цифрлық технологиялардың, оның ішінде нақты объектілер мен цифрлық мазмұнды бірыңғай білім беру кеңістігінде бірііктіруге мүмкіндік беретін толықтырылған шынайылық (AR, Augmented Reality) технологияларының информатиканы оқытудағы тиімділігі анықталды. Есту қабілеті зақымданған оқушылар үшін толықтырылған шынайылық (AR) технологиясының визуалды сипаты құнды, себебі ол оқу материалын жақсырақ түсінуге, қатысуға және тұрақты академиялық оқу мотивациясын қалыптастыруға ықпал ететіні дәлелденді. Осы зерттеудің нәтижесінде есту қабілеті зақымданған балаларға информатиканы оқытуда AR технологиясының мүмкіндіктерін қолдануға қатысты болашақ зерттеулерге ұсыныстар жасалды.

pdf
Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Салгараева, Г., Базаева, Ж. і Сабит, Б. 2025. AR ТЕХНОЛОГИЯСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАНЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ЗАҚЫМДАНҒАН БАЛАЛАРҒА БЕЙІМДЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2025), 319–330. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.90.2.028.