Бұл мақалада ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы формальды емес білім беру бағдарламаларына қатысушылардың мотивациялық факторларын зерттеу ұсынылады. Негізгі міндеттерге формальды емес білім беруде, әсіресе ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында мотивацияның ерекшеліктерін анықтау, мотивациялық ішкі және сыртқы факторларды жіктеу, формальды емес білім беруді таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсерін талдау, білім беру ұйымдарында білім алушылардың мотивациясын арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу жатады. Зерттеу әдістемесі студенттердің жеке кабинеттері арқылы сауалнамаларды пайдалана отырып, бірінші және екінші курс студенттеріне сауалнама жүргізуге және қойылған сұрақтарға жауаптарды кейіннен талдауға негізделеді. Жабық және ашық сұрақтарды қамтитын сұрақтары бар арнайы сауалнама құрастырылды. Қатысушылар арасында онлайн сауалнама жүргізу нәтижесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы формальды емес білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттыруға ықпал ететін мотивациялық факторлар мен тұлғалық ерекшеліктері анықталды. Алынған мәліметтер формальды емес оқытуға қызығушылықты және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім сапасын арттыру үшін формальды емес білім беру бағдарламаларының келешегін көрсетеді.
АКТ САЛАСЫНДАҒЫ ФОРМАЛДЫ ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған September 2025
6
3
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Оспанова, Н., Куанышева, Р., Каирбаева A., Токжигитова, Н.К. і Байжуманов, С. 2025. АКТ САЛАСЫНДАҒЫ ФОРМАЛДЫ ЕМЕС БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2025), 287–295. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.91.3.026.
https://orcid.org/0009-0002-8690-8206