Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН IT БАҒЫТЫ БОЙЫНША МИКРОБІЛІКТІЛІКТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ

Жарияланған December 2025

0

Н.Т. Ошанова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0002-8269-432X
Г.Б. Камалова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0001-6406-8897
Ш.И. Хамраев+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0001-8171-4360
Е.Ж. Теңізбаев+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
https://orcid.org/0000-0002-6917-8371
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде микробіліктіліктер студенттердің икемді дағдыларын қалыптастырудың және еңбек нарығы талаптарына бейімделудің тиімді құралы ретінде қарастырылады. Дегенмен, педагогикалық жоғары оқу орындарында IT бағытындағы микробіліктіліктерді әзірлеу мен енгізу тәжірибесі әлі де жеткілікті деңгейде жүйеленбеген. Көптеген зерттеулер негізінен техникалық мамандықтарға бағытталғандықтан, педагогикалық саладағы студенттердің цифрлық құзыреттерін дамыту ерекшеліктері толық қамтылмаған. Сонымен қатар, жаңа мамандықтар атласына сүйене отырып, білім беру бағдарламаларын қайта қарау және халықаралық тәжірибені бейімдеу бойынша практикалық ұсынымдар жеткіліксіз. Осыған байланысты педагогикалық ЖОО студенттеріне арналған IT микробіліктіліктерін енгізу білім беру сапасын арттыру, цифрлық ресурстарға қолжетімділікті кеңейту және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау тұрғысынан өзекті болып табылады.

Зерттеудің мақсаты: педагогикалық жоғары оқу орындары студенттеріне арналған IT бағытындағы микробіліктіліктерді әзірлеу мен енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, олардың еңбек нарығымен сәйкестігін бағалау және білім беру процесіне енгізу жолдарын айқындау.

Әдіснама: зерттеу барысында Жаңа мамандықтар атласындағы IT бағыттарының мазмұнына сараптамалық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, оқу жоспарларына енгізілген пилоттық модульдер талданып, студенттер мен оқытушылар арасында сауалнама ұйымдастырылды. Алынған деректер негізінде микробіліктіліктердің құрылымдық моделі жасалды және еңбек нарығы талаптарына сәйкес енгізу тетіктері ұсынылды.

Нәтижелер: зерттеу барысында педагогикалық ЖОО үшін бейімделген IT микробіліктіліктерінің құрылымы ұсынылды. Бұл құрылым студенттердің кәсіби цифрлық құзыреттерін дамытуды, еңбек нарығына бейімделген оқу тәжірибесін қалыптастыруды және халықаралық тәжірибені интеграциялауды қамтамасыз етеді. Ұсынылған шешімдер білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға, цифрлық трансформацияны жеделдетуге және заманауи педагог-мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Ошанова, Н., Камалова, Г., Хамраев, Ш. і Теңізбаев, Е. 2025. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН IT БАҒЫТЫ БОЙЫНША МИКРОБІЛІКТІЛІКТЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.028.