Мақалада тұрақты коэффициентті екінші ретті сызықты біртекті жәй дифференциалдық теңдеуді мектеп
курсына бейімделіп зерттелді. Біртекті теңдеудің шешімінің жалпылама қасиеті келтірілді. Екінші ретті
тұрақты коэффициентті біртектес сызықты жәй дифференциалдық теңдеуінің коэффициенттеріне байланысты
үш жағдайда теңдеудің шешімдері зерттелді. Алынған нәтижелер теорема түрінде негізделген. Келтірілген
тұжырымдар орта мектеп математикасының оқыту әдістемесі аясында дәлелденді. Жалпы математикада белгілі
бұл теория орта мектеп математикасына енгізілуге толық лайықталып, мектеп оқушысына ұғынықты, қол
жетімді әдістеме арқылы жасалды.
Жұмыстың негізгі мақсаты екінші ретті сызықты біртекті жәй дифференциалдық теңдеуді шешу әдістерін
мектеп оқушысы меңгеруге мүмкін деңгейде жасау болып табылады. Нәтижесі жаратылыстану-математикалық
бағытындағы орта мектептерде жәй дифференциалдық теңдеулер бастамалары бойынша арнайы курс
бағдарламасын құрып, оған сәйкес мазмұндық материалды дайындау және оларды оқыту әдістемесімен
қамтамасыз ету
МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған March 2021
192
323
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сартабанов, Ж., Шәукенбаева, А., Жұмағазиев, Ә. і Дуюсова, А. 2021. МЕКТЕПТЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2021), 62–69. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-1.1728-7901.08.