Бүгінгі білім беру жүйесінде цифрлық трансформация жағдайында дарындылықты анықтау мен қолдау өзекті мәселе болып отыр. Зерттеу барысында, әлемдік және отандық тәжірибелер жеке тұлғаның шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін ерте жастан анықтау білім сапасының артуы және жеке тұлғаның бәсекеге қабылетті ақпараттық ортаға жылдам бейімделетінін көрсетті. Қабілетті оқушылардың адами капиталдық сапалы дамуы мен инновациялық қоғам қалыптастыруда олардың жеке қабілеттерін дамыту мен шығармашылық әлеуетін арттыру маңызды факторлардың бірі.
Мақалада білім беру жүйесінде дарындылықты анықтаудың заманауи әдістері мен технологиялары талданды. Ғалымдардың осы саладағы еңбектері талданып, контент-талдау және модельдеу әдістері арқылы сараланып, нәтижесінде дарындылықты анықтау мен дамытудың үш негізгі бағыты айқындалды: диагностика, қолдау стратегиялары және цифрлық құзыреттілік.
Зерттеу нәтижесінде дарындылықты анықтау, дамыту және қолдау процестерін цифрлық ортада интеграциялауға арналған Smart-Talent Core («Зияткерлік дарын өзегі») моделі әзірленді. Бұл модельді білім беру ұйымдарында (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары) оқушылардың әлеуетін анықтау мен дамытуда, педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруда кеңінен қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелері дарынды балалармен жұмыс істеудің инновациялық тәсілдерін енгізуге, педагогикалық процесті цифрлық трансформациялау мен интеллектуалды білім беру ортасын қалыптастыруда үлес қосады.
https://orcid.org/0000-0001-6773-3549