Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ

Жарияланған December 2025

0

А. Алдабергенова+
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
https://orcid.org/0000-0003-2404-7615
Ұ. Есейқызы+
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
https://orcid.org/0000-0002-8458-743X
И. Есенгабылов+
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
https://orcid.org/0000-0003-2344-7633
А. Есейқызы+
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
https://orcid.org/0000-0002-1216-5828
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Аңдатпа

Бұл зерттеу 2020–2025 жылдар аралығында жоғары білім беруде геймификацияны қолдануға арналған ғылыми еңбектердің жүйелі шолуына бағытталған. Әдістемелік негіз ретінде PRISMA протоколы қолданылып, ол көпкезеңді іздеу, скрининг және жарияланымдарды құрылымдық іріктеуді қамтамасыз етті. Web of Science, Scopus, Google Scholar және ResearchGate дерекқорларын талдау нәтижесінде 3451 жарияланым анықталды, олардың қайталанатын материалдарын алып тастағаннан кейін және іріктеу критерийлерін қолданған соң толық мәтіні ашық 42 зерттеу таңдап алынды.

Деректерді өңдеу және түсіндіру үшін тақырыптық жіктеу, контент-талдау және Microsoft Excel, VOSviewer, Datawrapper құралдары арқылы визуализация әдістері қолданылды. Талдау нәтижелері жоғары білім беру жүйесінде кеңінен қолданылатын геймификация элементтеріне ұпайлар, төсбелгілер, деңгейлер және лидербордтар жататынын көрсетті. Бұл элементтер студенттердің мотивациясына, оқу белсенділігіне және қатысуына тұрақты оң әсер береді. Ал прогресс, марапаттау және жарыс элементтеріне негізделген механикалар сирек қолданылады және әсері контекстке байланысты өзгеріп отырады.

Зерттеуде болашақ информатика пәні мұғалімдерін даярлау үдерісінде геймификацияны қолдану мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Айқындалған элементтер мотивацияны, дербестікті, оқу белсенділігін және тапсырмаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ететін педагогикалық әлеуетке ие, бұл оларды болашақ педагогтарды әдістемелік тұрғыдан даярлауда маңызды етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы — алынған нәтижелер геймификацияланған оқу материалдарын және информатиканы оқыту әдістемесі бойынша цифрлық курстарды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Алдабергенова, А., Есейқызы, У., Есенгабылов, И. і Есейқызы, А. 2025. БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖҮЙЕЛІ ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 92, 4 (Груд 2025). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2025.92.4.023.