Ұсынылып отырған мақала корреляциялы флуктуацияланған газдағы тепе–теңсіздік процестердің кинетикалық теориясының ықтималдылық қырын теориялық тұрғыда зерттеуге арналған. Дәлірек айтқанда, жүйенің фазалық тығыздығына арналған стохастикалық сипаттағы кинетикалық теңдеу, оның үлестірімі мен сипаттамалық функционалға арналған теңдеулер, туындаушы функционалға арналған теңдеу үлестірім функциясы үшін жазылатын қайтымсыз кинетикалық теңдеуге ұқсас (эквивалент) түрде шығарылып көретілген. Бұл теңдеуді шығарып алу кезінде бір атомды газдағы бөлшектердің жұптық соқтығысулары мен жүйедегі ауқымды флуктуацияларды ескерілді. Сонымен бірге, статистикалық жүйедегі динамикалық траекториялар жиыны және бір бөлшекті күй тығыздығының орташаланбаған мәндері Гиббстің фазалық кеңістігінде қарастырылды. Жүйе күйлерінің осы кеңістіктегі үлестірімі (таралымы) арқылы стохастикалық әдіске негіз бола алатын классикалық статистикалық механиканың функционалдылы ықтималдылық келбеті (бет–бейнесі) ашылып көрсетілді. Фазалық тығыздыққа арналған стохастикалық теңдеуді марктік секірмелі процестер моделі бойынша Лиувилл теңдеуінен де шығарып алуға болатындығы дәлелденді. Аталған теңдеу Больцман теңдеуіне ұқсас болғанымен, бұл теңдеуге сызықтық емес «флуктуация көзі» рөліндегі қосымша мүше қосылған. Алынған теңдеудің статистикалық сипаттамалары анықталды. Жүйенің фазалық тығыздығына арналған стохастикалық теңдеу жүйенің диссипативтік және флуктуациялық қасиеттерін тұтастай ескере алады және Больцман–Ланжевен теңдеуінің тепе–теңсіз газдың орнықсыз күйлері үшін жалпыланған түрі болып табылады. Гидродинамикалық айнымалылар мен стохастикалық теңдеулер арқылы корреляциялық жүйенің тұйық гидродинамикалық сипаттамасы берілді. Сипаттауыш функционалдың дербес үлестірім функциялар жүйесіне арналған туындауыш функционалмен байланысы интегралдық теңдеулер арқылы беріліп, олардың бастапқы шарттарға сәйкес келетін дербес шешімдері көрсетілді.
КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯДАҒЫ ТЕПЕ–ТЕҢСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРДІ СТОХАСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛДЕР АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ
Жарияланған March 2025
34
21
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Як цитувати
[1]
Татенов A. , Жавлиева, А. , Жаналиева, Г. , Қамбаш, А. і Файзуллина, А. 2025. КИНЕТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯДАҒЫ ТЕПЕ–ТЕҢСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРДІ СТОХАСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МОДЕЛДЕР АРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 93, 1 (Бер 2025), 42–52. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.93.1.004.
https://orcid.org/0000-0003-4767-5788