Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЕСЕПТЕРДІҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Жарияланған July 2026

0

А.Е. Әбілқасымова+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
https://orcid.org/0000-0003-1845-7984
Е.А. Туяков+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
https://orcid.org/0000-0002-4682-6778
A. Асил+
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
https://orcid.org/0009-0005-0254-8816
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ.
Аңдатпа

Математикадан олимпиадалық және стандартты емес есептерді шешуге үйретудің басты мақсаты – оқушылардың математикалық қабілеті мен дайындық деңгейін арттыру. Мақалада мектеп математика курсындағы олимпиадалық және стандартты емес есептердің мәні, жіктемесі және оларды оқыту үдерісінде қолданудың теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылады. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жүргізілген талдау негізінде «стандартты есеп», «стандартты емес есеп» және «олимпиадалық есеп» ұғымдарының мазмұндық айырмашылықтары айқындалып, олардың оқушылардың логикалық, аналитикалық және шығармашылық ойлауын дамытудағы рөлі негізделеді. Отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастары салыстырылып, олимпиадалық есептерді мазмұны мен шешу тәсілдеріне қарай жіктеудің авторлық үлгісі ұсынылады. Сонымен қатар стандартты емес және олимпиадалық есептерді шешуде қолданылатын негізгі әдістер мен эвристикалық тәсілдер жүйеленіп, оларды оқу үдерісіне енгізудің тиімді жолдары көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері мұндай есептерді жүйелі қолдану оқушылардың математикалық мәдениетін арттырып, танымдық белсенділігін, дербес ойлауын және зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететінін дәлелдейді. Ұсынылған әдістемелік тұжырымдар мектеп математикасын оқыту тәжірибесінде, элективті курстарда және олимпиадалық дайындық жұмыстарында пайдалануға бағытталған.

Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Әбілқасымова, А., Туяков, Е. і Асил A. 2026. МЕКТЕП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЕСЕПТЕРДІҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Лип 2026).