Осы зерттеудегі мақсат – алғашқы шарты көпөлшемді Никольский - Бесов класында жататын жылуөткізгіштік теңдеуі шешімін қандай да бір метрикада кез келген дәлдікпен жуықтайтын ақырлы объектіні (дискреттеу операторын) құру. Зерттеу әдістемесі жуықтаулар теориясының белгілі тұжырымдарына сүйенеді. Осында жүргізілген зерттеудің өзектілігі келесі жайттармен түсіндіріледі: біріншіден, бұл мақалада жылуөткізгіштік теңдеуінің абсолютті жинақталатын еселі функционалдық қатар түрінде болатын және периодты Никольский - Бесов класында жататын шешімін кез келген дәлдікпен жуықтайтын, алғашқы шарттың бірлік кубтың біркелкі торының нүктелеріндегі мәндері бойынша құрылған дискреттеу операторы ұсынылған; екіншіден, қарастырып отырған функциялық класта анықталған сызықтық функционалдар мәндерінің алдын - ала берілген ақырлы жиынтығы бойынша құрылған кез келген дискреттеу операторы шешімді ұсынылған дискреттеу операторымен жуықтауда пайда болатын қателікті реті бойынша жақсартпайтыны дәлелденген.
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУІНІҢ НИКОЛЬСКИЙ - БЕСОВ КЛАСЫНА ТИЕСІЛІ ШЕШІМІН ДИСКРЕТТЕУ ТУРАЛЫ
Жарияланған June 2026
28
2
Аңдатпа
Тіл
Русский
Як цитувати
[1]
Утесов, А. і Утесова, Г. 2026. ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІК ТЕҢДЕУІНІҢ НИКОЛЬСКИЙ - БЕСОВ КЛАСЫНА ТИЕСІЛІ ШЕШІМІН ДИСКРЕТТЕУ ТУРАЛЫ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 64–73. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.94.2.006.