Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

POWER BI КАФЕДРАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

Жарияланған April 2026

0

Г.Б. Камалова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Ш.П. Тұрашова+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
А.М. Әлімбай+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Д.Б. Наурызбаев+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
А.А. Амангелдин+
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық пелдагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала жоғары оқу орны кафедрасының қызметін басқару тиімділігін бизнес-аналитика (BI) құралдарын енгізу арқылы арттыру мәселесіне арналған. Дәстүрлі деректерді талдау әдістері еңбек сыйымдылығы жоғары және қазіргі білім беру ортасында, үлкен көлемдегі деректермен сипатталатын жағдайда, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Зерттеудің мақсаты жоғары оқу орны кафедрасының қызметін басқаруды оңтайландыру үшін бизнес-аналитиканың кең таралған құралдарының бірі болып табылатын MS Power BI қолданудың орындылығын негіздеу, кафедра қызметінің негізгі көрсеткіштерін (профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігі, студенттердің үлгерімі және т.б.) нақты уақыт режимінде мониторингтеу мен визуализациялауға арналған интерактивті дашбордтарды әзірлеу және олардың басқару тиімділігін арттыруға ықпалын бағалау болып табылады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік тәсіл құрайды, оның аясында теориялық және эксперименттік әдістер кешені қолданылды. Power BI қолданудың кафедра қызметін басқару тиімділігіне әсерін бағалау үшін бір топқа жүргізілген алдын ала және кейінгі сауалнамаға негізделген эксперименттік әдіс таңдалды. Зерттеу іріктемесін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Информатика және білім беруді информатизациялау кафедрасының 47 оқытушысы құрады, олардың 40%-ы кафедра деңгейінде тұрақты міндеттер атқарады. Сауалнама Google Forms сервисін пайдалану арқылы онлайн форматта жүргізілді. Әзірленген сауалнама 5 балдық Лайкерт шкаласы бойынша 21 сұрақтан тұрды. Нәтижелердің сенімділігі Кронбах альфа коэффициенті арқылы расталды.

Зерттеу нәтижелері. Power BI негізінде ұсынылған кафедраны басқарудың инновациялық тәсілі өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Ол есептерді қалыптастыруды автоматтандыруға, проблемалық аймақтар мен үрдістерді жедел анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде негізделген басқарушылық шешімдерді қабылдауға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері практикалық маңызға ие және жоғары оқу орындары кафедраларын басқару тәжірибесіне енгізу үшін негіз бола алады, білім беруді басқару жүйесінің дамуына үлес қосады.

Тіл

English

Як цитувати

[1]
Камалова G., Тұрашова S., Әлімбай A., Наурызбаев D. і Амангелдин A. 2026. POWER BI КАФЕДРАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДАҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 93, 1 (Квіт 2026). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.93.1.025.