Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған June 2026

17

4

А.С. Ахметова+
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
С.Т. Мынбаева+
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
https://orcid.org/0000-0001-6266-9357
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

С.Т. Мынбаева

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті доценті, Ақтөбе, Қазақстан

Аңдатпа

Бұл мақалада геометрия пәнін оқытуда STEM тәсілдерін қолданудың педагогикалық тиімділігі қарастырылады. STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) негізіндегі оқыту оқушылардың кеңістіктік ойлауын, логикалық талдау қабілетін, шығармашылық белсенділігін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру бағыты ретінде сипатталады. Зерттеу барысында геометрияны оқытуда модельдеу, 3D-визуализация, GeoGebra бағдарламасы, жобалық жұмыстар және практикалық тапсырмаларды қолданудың мүмкіндіктері талданды. Әдебиеттерге жасалған шолу STEM тәсілдерінің геометриялық ұғымдарды терең әрі саналы меңгеруге ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар бұл тәсіл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, геометрияны күнделікті өмірмен, инженерлік және технологиялық үдерістермен байланыстыра оқытуға мүмкіндік береді. Мақалада STEM-оқытуды жүзеге асырудағы мұғалімнің кәсіби дайындығы, цифрлық ресурстарды пайдалану және материалдық-техникалық базаның маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері STEM технологияларын геометрия сабақтарында қолдану оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, олардың аналитикалық және кеңістіктік ойлау қабілеттерін дамытуға оң әсер ететінін дәлелдейді.

pdf
Тіл

Русский

Як цитувати

[1]
Ахметова, А. і Мынбаева, С. 2026. ГЕОМЕТРИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА STEM ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Чер 2026), 93–102. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5894.2026.94.2.008.