Перейти до головного Перейти в головне навігаційне меню Перейти на нижній колонтитул сайту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИЕРАРХИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Жарияланған July 2026

0

Б.Б. Қалданов+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0009-0004-5205-9124
Е.Ы. Бидайбеков+
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
https://orcid.org/0000-0001-7746-9809
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Б.Б. Қалданов

Бағлан Бақытбайұлы Қалданов – педагогика ғылымдары бойынша PhD докторанты, информатика саласының маманы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының докторанты. Ол университет базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми зерттеу бағыты – бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мазмұны мен құралдарын қалыптастыруда электрондық иерархиялық құрылымдарды пайдалану. Оның ғылыми еңбектері білім беруді цифрландыру, оқу мазмұнын құрылымдау, цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу және оқыту процесін модельдеу мәселелерін қамтиды.

Бағлан Бақытбайұлы бірнеше халықаралық ғылыми конференцияларда мақалалар жариялаған. Сонымен қатар, ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жасанды интеллект негіздері» пәнінен сабақ береді және болашақ педагог мамандарды даярлау ісімен айналысады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Е.Ы. Бидайбеков

Бидайбеков Есен Ықласұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы білім беруді ақпараттандыру саласының көрнекті ғалымы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының профессоры және Халықаралық білім беруді ақпараттандыру ғылыми-зерттеу зертханасының жетекшісі.

Ғалымның ғылыми-зерттеу жұмыстары информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, білім беруді ақпараттандыру, цифрлық білім беру технологиялары және математикалық модельдеу бағыттарын қамтиды. Ол Қазақстандағы информатика пәнін оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың бірі болып саналады.

Есен Ықласұлы 600-ден астам ғылыми еңбек, монография және оқу құралдарының авторы. Оның жетекшілігімен көптеген докторлық, PhD және кандидаттық диссертациялар қорғалған. Сонымен қатар, ол болашақ педагог мамандарды даярлау мен білім беру жүйесіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бағытында белсенді еңбек етуде.

Аңдатпа

Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына цифрлық сауаттылықты оқытуда электрондық иерархиялық құрылымдарды қолдану тәжірибесі қарастырылады. Зерттеу барысында бақылау және эксперименттік топтардың оқу нәтижелері салыстырылып, ұсынылған тәсілдің тиімділігі бағаланды. Педагогикалық эксперимент аясында оқушылардың оқу жетістіктері, оқу белсенділігі, оқу мотивациясы және цифрлық дағдыларының қалыптасу деңгейі зерттелді. Бағалау мотивациялық, мазмұндық және технологиялық критерийлер негізінде жүргізілді. Алынған деректерді статистикалық өңдеу нәтижесінде эксперименттік топ оқушыларының көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда жоғары болғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері оқу материалын құрылымдап ұсыну оқушылардың цифрлық сауаттылық мазмұнын жүйелі меңгеруіне, ақпарат арасындағы байланыстарды түсінуіне және цифрлық дағдыларын дамытуына қолайлы жағдай жасайтынын көрсетті.

Тіл

Қазақ

Як цитувати

[1]
Қалданов, Б. і Бидайбеков, Е. 2026. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ИЕРАРХИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Физика-математика ғылымдары сериясы. 94, 2 (Лип 2026).