Қазіргі жоғары білім беру жүйесінің трансформациялануы оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірумен қатар, олардың кәсіби белсенділігі мен мотивациясын арттырудың жаңа тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Білім беру үдерісінің цифрлануы, жасанды интеллект технологияларының кеңінен енгізілуі және академиялық ортадағы өзгерістер оқытушылардың эмоционалдық тұрақтылығына, кәсіби күйзелісті басқару қабілетіне және еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуде. Осы тұрғыдан алғанда эмоционалды интеллект пен цифрлық технологиялардың интеграциясы жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби дамуын қолдаудың маңызды факторы ретінде қарастырылады.
Мақалада жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби белсенділігін арттыруда эмоционалды интеллектке негізделген цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық мүмкіндіктері талданады. Сонымен қатар цифрлық платформалар, жасанды интеллект құралдары, онлайн бағалау жүйелері, цифрлық коучинг және аналитикалық сервистер негізінде оқытушылардың эмоционалдық жағдайын бақылау мен кәсіби белсенділігін дамыту механизмдері сипатталады. Жоғары білім беру ұйымдарында эмоционалды интеллектке негізделген цифрлық технологиялардың педагогикалық мүмкіндіктері ұсынылады.