Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқыту үдерістеріне енгізу дербестендірілген оқыту жүйелерінің дамуына елеулі ықпал етуде. Интеллектуалды оқыту жүйелерінің негізгі функцияларын талдау қолданылатын ЖИ-технологиялардың педагогтарға білім алушылардың білім беру сұраныстарын ескере отырып, оқыту әдістемесін үздіксіз жетілдіруге мүмкіндік беретінін көрсетеді. Зерттеудің мақсаты — интеллектуалды оқыту жүйелерінің қазіргі даму деңгейін айқындау.
Мақалада білім беру жүйесінде дербестендірілген оқытуды жүзеге асыру үшін қолданылатын ЖИ-технологияларға кешенді шолу жасалып, олардың жіктелуі ұсынылады және практикалық қолдану ерекшеліктері талданады. Нақты жүйелер негізінде интеллектуалды оқыту жүйелеріндегі мақсаттар, қолданылатын технологиялар және контентті генерациялау тәсілдері қарастырылады. Осы жүйелі әдебиеттік шолуда релевантты зерттеулерді іріктеу үшін PRISMA әдісі қолданылып, интеллектуалды оқыту жүйелерін пайдаланудың әртүрлі тәсілдері, қолданылған құралдар, олардың нәтижелері және тиімділігін бағалау әдістері талданды. Зерттеуде интеллектуалды оқыту жүйелерінің білім беру үдерісіндегі маңызды рөлі және олардың білім алушылардың академиялық үлгеріміне оң әсері атап өтіледі: бұл жүйелерді мектептік және жоғары оқу орындары деңгейінде қолдану білім деңгейінің айтарлықтай артуына ықпал етті.
Дарынды балаларды қолдауға бағытталған әзірленген интеллектуалды оқыту жүйесінің негізгі архитектурасы қарастырылады.
https://orcid.org/0000-0003-0909-9767